АҚШ-тың Иранға қарсы санкциясы тағы бір жылға ұзартылды
АҚШ Президенті Барак Обама бұндай шешім АҚШ пен Сирия арасындағы қарым-қатынастағы қиыншылықтарға байланысты екенін айтқан
Құрама штатттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Иранмен арадағы қатынасқа қатысты «төтенше жағдай» тағы бір жылға ұзартылып, барлығы 38 жылды қамтыды.
Ақ үй басшысының айтуынша, Иранмен арадағы байланыс реттелген жоқ. Сонымен қатар 1981 жылдың 19 қаңтарында елдер өзара жасасқан келісім де орындалған жоқ. Ол келісімде елдер бір-бірінің ісіне араласпау келісілген.
Естеріңізге сала кетейік, 1979 жылдың 14 қарашасында Иранға қарсы санкцияны американдық көшбасшы Джимми Картер енгізген.