Трамп АҚШ-тың өзге елдердің саясатына араласуын құптамайды
АҚШ президенттігіне үміткер Трамп, егер ол президент болса, Американың өзге елдерде төңкерілістер ұйымдастыруын тоқтататынын айтты
АҚШ президенттігіне республикалық партиядан үміткер болып отырған Дональд Трамп Американың сыртқы саясатын түбегейлі өзгертетінін айтты. Сонымен қатар, ойға сиымсыз режимдер мен өзге мемлекеттің басқаруына араласуды тоқтататынын атап өтті.
Бұл туралы республикашыл Солтүстік Королина сайлаушыларымен кездескен кезде мәлімдеген болатын. Трамп Америка билігі АҚШ-тан өзге елдерде демократия «құруға» қатыспайтындығын жеткізді.
- Біз әскери күшті тек АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қажет болған жағдайда қолданамыз, - деп уәде етті кандидат.