Трамп АҚШ ескертпелі ядролық соққы беруі мүмкін деп мәлімдеді
Ақ үйде өткен дебат барысында АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп ядролық қаруды қолданудың алдын алуға бар күшін салар едім деп мәлімдеді
Дегенмен, ол Құрама Штаттарға қарсы елдер бола тұра АҚШ-та бар ескертпелі ядролық соққы коцепциясын толық ысырып тастауға болмайды деген пікірде.
– Анығын айтқанда ядролық соққыны бірінші бермес едім, ядролық балама таңдау пайдаланылғанда, бәрі бітті, - деді Республикалық партия үміткері. – Солтүстік Корея сияқты мемлекеттер болғандықтан, ештеңені шетке ысырып тастай алмаймын.
Трамптың пікірінше КХДР АҚШ пен оның одақтас елдеріне маңызды қауіп төндіреді. Мұнымен қоса, Дональд Трамптың айтуынша қазіргі уақытта АҚШ-тың ядролық күші Ресей мен Қытай елдерімен салыстырғанда қысқарып келеді. – Басқа елдерге ілесе алмай келеміз, - деп атап өтті миллиардер. – Олардың қолында бізден жаңа құралдар бар. «Ескірген» деп Құрама Штаттардың «ядролық қорғанының» маңызды бөлігі болып отырған стратегиялық бомбалаушы ұшақ В-52-ні атады. Еске саламыз, соңғы сайлауалды дебаттар барысында АҚШ президенттігі орнына күрес үшін қарсыластар бәсекелестерінің экономикалық бағдарламасындағы кемшіліктерін атап айтты.
Следующая →