Монро Головкиннан реванш алмақшы
Америкалық боксшы Вилли Монро Boxingnewsonline.net-ке берген сұхбатында өткен жылдағы жеңілісі үшін қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен реванш алғысы келетінін айтты
- Шаршы алаңында маған еркіндік болу керек. Өйткені, мені бекерге Мангуст деп атамайды: мен әрқашан соққы берем, бірақ мен өзімді соққыға жығуға жол бермеймін. Головкинмен айқасқа шыққанда комментаторладың және жанкүйерлерімнің бұйрықтары бойынша шабуыл жасап айқастым. Егер қарсыласың қауіпті жігіт болса, сен жеңіс туралы ғана емес керемет шоуды қалай жасауға болатынын да ойлайсың. Жақын арада мен шаршы алаңға қайтып ораламын. Головкиннан бұрын Сондерсонмен айқасқа түсем. Өйткені маған GGG белдігін алу қажет. Маған екінші мүмкіндік бергендерін қалаймын, — деді Монро
Головкин — Монро айқасы 2015 жылдың 16 сәуірінде өтті. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен 6-раундта жеңіске жетті.
Следующая →
Головкин — Монро айқасы 2015 жылдың 16 сәуірінде өтті. Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен 6-раундта жеңіске жетті.