Филиппин Президенті Обамаға тіл тигізгені үшін өкінді
G20 форумындағы АҚШ Президентінің сөзіне жауап ретінде Родриго Дутерт Обаманы «қаншықтың баласы» деп балағаттап, қарғауға уәде еткен
Филиппин Президенті Родриго Дутерт Барак Обама тарапына балағат сөз айтқаны үшін және екі елдің келіссөздерінің болмай қалғандығына өкініш білдірді, деп хабарлайды AFP.
Осыған дейін Родриго Дутерт Обаманы «қаншықтың баласы» деп балағаттап, алдағы СЕАН саммитінде қарғауға уәде еткен.
Мұндай жариялымды Дуртерт G20 форумындағы АҚШ Президентінің сөзінен кейін айтады. Обама алдағы уақытта Дутертпен кездесіп, оның сайлауынан кейін елдегі 2 мыңнан аса наркомафия мүшелерінің өлімі жайлы тақырыпты қозғайтынын сөз етті.
Өзінің тарапына қатысты сөздерді естігеннен кейін Обама Дутертпен болатын келіссөздердің уақытын кейінге қалдырып, Филиппин президентін ол келіссөздерді жүргізуге дайын болмайынша шегерді.
- БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына берген жауабым қатты болды. Сондықтан біздің жауабымыз АҚШ президентіне жасалған тікелей балағат болып көрінгеніне өкінеміз, - деді Дутерт.