уроодақ Укрина үшін визасыз тәртіпті 2016 жылдың аяғына дейін кіргізбейді
Еуропарламент өкілінің айтуынша, Украина визасыз ену тәртібіне көшу үшін әзірге қажетті талаптарды орындаған жоқ
Еуроодақ 2016 жылдың аяғына дейін Украинаға визасыз ену тәртібін енгізбейді. Еуропарламенттің хабарлауынша, бұл сұрақтың қашан қаралатыны туралы әзірге кесте де жоқ.
Басылым ақпарат көзінің айтуынша, Косово мен Грузияға визасыз тәртібін енгізу бойынша комиссия сайлауы аталмыш елдерге Еуроодақ елдеріне еркін кіре беруге болады деген кепіл бола алмайды, бұл тек «жасыл шамның жанғаны» ғана.
- Еуропа кеңесімен бұл тақырыпқа қатысты келіссөз бола ма деген сұрақ қана. Украинаға келгенде, таныстыру рәсімі ғана өтті. Баяндама бойынша дауыс беру қыркүйектің немесе қазанның соңында ғана өтеді, өз кезегінде үрдістің созылатынын айтады. Грузия мен Косованы мысал ретінде айтпас бұрын, Украинаға визасыз тәртіп енгізу сұрағы әлдеқайда ауқымды пікірталасқа ие, - дейді ақпарат көзі.
Өз кезегінде Еуропарламен депутаты Лоренцо Фонтананың баспасөз қызметінде Украина визасыз кіру тәртібін енгізу үшін қажетті талаптарды орындаған жоқ деп хабарлайды.
- Бірінші кезекте алаңдаушылық тудырып тұрғаны Украина территориясында әскери әрекеттер әлі де жалғасуда және шекараның қауіпсіздігіне қандай кепілдік беретіні түсініксіз. Өз жағынан Киев бірнеше әрекеттерге баруы керек, бірінші кезекте әскери әрекеттердің тоқтатуына қатысты. Сонымен қатар,сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған ішкі реформалар қажет, - деп ескерді Фонтана.
Еуропа халықтық париясының (ЕХП) өкілі Давид Стеллинидің айтуынша, қазіргі уақытта депутаттардың күн тәртібінде тағы бір маңызды сұрақ – Еуроодақпен кез-келген ел визасыз тәртіп алатын механизм енгізу тұр.
Оның айтуынша, мұндай жеңілдетілген механизмнің арқасында кез-келген ел өзінің азаматтарына Еуроодаққа еркін кіруге сұрау салып арыз жаза алады. Еуроодақ өз кезегінде әлемнің кез-келген елімен дербес жағдайда визасыз тәртіп енгізуге келісімшарт құқығына ие болады. Бұл, еркін кірудің әдісін жылдамдатады, бірақ ЕО кез-келген уақытта визасыз кіру тәртібін «келісім жағдайы бұзылғанда» тоқтата алады.