Обама Филиппин президентімен жоспарланған кездесуді болдырмады
Родриго Дутерт өзінің нашақорлар ұйымымен күресін сынамақшы болғаны үшін АҚШ президентін «қаншықтың баласы» деп балағаттады
Филиппин президенті Родриго Дутерт Барак Обаманы «қаншықтың баласы» деп балағаттағанан кейін Обама онымен жоспраланған кездесуін өзгертті, деп хабарлайды AFP.
АҚШ-тың ақ үйінің ұлттық қауіпсіздің кеңесінің өкілі Нед Прайстың сөзіне сенсек, Обама Дутертпен кездесудің орнына Корея Республикасының президенті Пак Кын Хемен кездескен. Ал Филиппин презиенті Обама оның нашақорлар ұйымымен күресі үшін сынайды деп балағаттаған.
- Өзін кіммін деп ойлайды? Мен американдық қуыршақ емеспін. Мен тәуелсіз елдедүниеге келдім және тек өз халқымның алдында ғана жауап беремін. Қаншықтың баласы. Мен сені қарғаймын, - деді ол.