Эйфел мұнарасы Орландода қаза тапқандардың құрметіне Америка туының түстеріне боялады
Париждегі Эйфел мұнарасын дүйсенбі күні кешке АҚШ туының түсімен бояды. Бұл қаза тапқандардың естелігі ретінде жасалған шара
Француз астанасының мэры Анн Идальгоның айтуынша, мэрия АҚШ туы мен ЛГБТ-ұйымының туын ілетін болады.
12 маусымға қараған түні АҚШ азаматы Омар Матин Орландодағы гей-клубта 50 адамды өлтіріп, 53 адамды жарақаттаған. Ал шабуыл жасаған азаматтың өзі атыс кезінде полиция қызметкерлерінің қолынан мерт болған.
Қылмыс жасарынан бұрын ол полицияға қоңырау шалып, өзінің «Ислам мемлекеті» (ҚР шекарасында тыйым салынған) террористік ұйымымен байланыста бар екендігін айтқан болатын.
Американдық БАҚ қылмыскердің қызтекелерге деген көзқарасының салдарынан атыс ұйымдастыруы мүмкін екендігін де айтып қалды.
Орландодағы атысқа қазірдің өзінде, бір адамның қатысуымен болған, АҚШ-та болған ең қанды теке-тірес деген баға беруде.