Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде өрт салдарынан тоғыз қабатты үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланды

Демалыс күндері облыс орталығында бес өрт оқиғасы орын алды. Солардың бірі Карбышева көшесі бойында орналасқан тоғыз қабатты үйдегі электрқорабынан өрт шыққан

Происшествия в Казахстане и мире / ЧП в Казахстане и в мире / в Усть-Каменогорске из-за пожара эвакуировали 30 жильцов девятиэтажки
Фото:
potokmedia.ru

Үйдің жетінші, Сегізінші және тоғызыншы қабаттарында электрқорабындағы кабель сымдарынан өрт шыққан. Өрт алаңы 4 шаршы метрді құрайды. Тұрғындарды улы түтіннен қорғау үшін 30 адамды эвакуациялауға тура келді. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға қалалық №2 өрт сөндіру бөлімінің мамандары мен үш техника жұмылдырылды.

 Электрқұрылғыларын орнату және пайдалану барысында кеткен ақаудан шығатын өрт оқиғалары өртке салғырт қараудан пайда болатын өрттен кейін екінші орында тұр, - деп хабарлады Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова. – Құрылғы көптеген электрлі тұрмыстық заттардан түсетін қуатты көтере алмады. Өйткені тұрғындардың шәйнектері, кір жуғыш машинасы мен шағын толқынды пештері қатар қосылып тұра береді.

Қаланың тұрғын үй қорының басым бөлігі салынғанына 40-50 жыл болған ескі үйлер. Олардың электржелілері 1500 Вт-қа мөлшерленген. Үйлер салыну барысында электр пайдаланушылардың саны шектеулі еді. Қазір әрбір үйде теледидар мен тоңазытқыштан бөлек, басқа да техника құралдары жетерлік. Ескі сымдар бұл қуатты көтере алмаған.

Следующая →