КХДР қару-жарақтық плутоний алу жүйесін жаңғыртуы мүмкін – АЭХА басшысы
КХДР ядролық қару жасауға қажетті қару-жарақтық плутоний алу жұмыстарына кіріскен тәрізді, -деп мәлімдеді АЭХА бас директоры Юкия Амано
Біз алған деректер бес мегаваттық реакторға (Йонбендегі), ядролық материалдарды байту мүмкіндіктерін кеңейту, плутоний өндірісіне байланысты қызметтерге қатысы бар екендігін көрсетеді, - деді ол.
Ю. Амано бұл тұжырым спутниктік суреттер негізінде жасалғандығын да айта кетті.
Бұған дейін Джон Хопкинс атындағы университет жанындағы амеркандық АҚШ және Корей институтының сарапшылары Солтүстік Кореяда ядролық қару жасау үшін қолданылатын плутоний өндіру жұмыстарына дайындық жүргізілуде немесе өндіріс басталып кетті деп мәлімдеген болатын.
Сарапшылар нысанда қанша көлемде қару-жарақтық плутоний өндіруі мүмкін екендіктерін басып айта алмады.
Олардың мәліметтері бойынша Йонбендегі реактор бар күшімен жұмыс істейтін болса, мұндай плутонийдің өндірісі жылына 6 кг жетеді. Ол бір-екі ядролық жарылғыш жасауға жетеді.