Үш жолаушысы бар такси бетон бағанасына барып соғылды
Жол көлік оқиғасы Өскемен қаласы «Дэдэман» қонық үйінің аумағында болды. Полицейлердің ақпараты бойынша, жүргізуші ұялы телефонына айналып қалғандықтан жол көлік оқиғасына ұшырады
- Жол апаты кеше 17.30-да орын алды. Байтерек ескерткішінің жанынан Новаторов көшесіне бағыт алған 1979 жылғы көлік иесі өзінің «Ваз 21099» көлігімен бетон бағанаға барып соғылды. Оқиға салдарынан көлік иесі, жанындағы жолаушысы мен екі бала зардап шекті. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар Ана мен бала орталығына, ал ересектер бірінші қалалық аурухана жатқызылды, - деді Өскемен қалалық ІІБ баспасөз хатшысы Асель Амиренова.
Соңғы ақпарат бойынша, көлік жүргізушісі телефонына айналып, бағанаға соғылды. Жол ережесін бұзған азамат тарапына қылмыстық іс қозғалды.