2015 жыл өлім жазасына кесілгендер саны бойынша өткен 20 жыл ішінде рекордтық көрсеткішке жетті
2015 жылы әлем бойынша өлім жазасының саны бір жарым есе өсіп, 1989 жылдан бастап санағанда рекордтық көрсеткішке жетті
«Өткен жылғы өлім жазасына тартылғандардың көбеюі үлкен мәлесе болып отыр», - деді Amnesty International құқық қорғау ұйымының бас хатшысы Салил Шетти.
2015 жылы бүкіл әлемде 1 634 адам өлім жазасына кесілген деп аталмыш ұйымның баяндамасында көрсетілген. Алайда бұл санға Қытайдағы өлім жазасы мемлекеттік құпия болып саналғандықтан кірмей қалыпты. Өз кезегінде, ұйым қызметкерлері Қытайда жыл сайын мыңдаған адам өлім жазасына кесіледі деп пайымдауда.
Өлім жазасында жетекші орындарға Иран, Пәкістан және Сауд Арабиясы елдері орналасты. Бұл үш мемлекетке барлық әлемдегі өлім жазасына ұшырағандарлың 89%-ы кіреді.