Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Рауль Кастро Обаманың иықтан қағуына қарсы болды

Пресс-конференцияда АҚШ президенті Барак Обама Рауль Кастроның қолын қысқаннан кейін иығынан қақпақшы болған сәтте, кубалық көшбасшы қарсы болды

Новости мира / Политика в мире / Рауль Кастро не позволил Обаме похлопать себя по плечу
Фото:
newtimes.ru
YouTube парақшасында жарияланған видеода АҚШ президенті Куба көшбасшысы мен амандасып, құрмет белгісі ретінде құшақтап, иығынан қақпақ болған сәтінде, кубалық көшбасшы қарсылық танытып, Обаманың қолынан қағып жіберген. Артынша болған жайды күлкімен жасырған. Орын алған ыңғайсыздыққа АҚШ президенті де күліп қарымта қайтарғандығын «Взгляд» газеті жариялады.

Батыс БАҚ өкілдері, атап айтқанда «The Daily Mail» ақпараты бойынша, Кастро халықаралық бірліктің белгісі ретінде бірден Обаманың қолын көтермек болған. Бірақ АҚШ президенті ыңғайсызданып қалған. Басқа БАҚ өкілдері видео емес фотосурет ретінде екеуінің күліп тұрғанын жария еткен. «The Washington Post» айтуынша Кастро Обаманың қолын қолайсыз жағдайда ұстап қалған.

Барак Обаманың Кубаға сапар барысында АҚШ пен Куба арасындағы 50 жылдық қиын қарым-қатынасынан кейін, бірден оңала кетуі екі талай екенін мәлімдеді.

Жексенбі күні Обаманың ұшағы Гаванадағы халықаралық Хосе Марти әуежайына қонды. Соңғы 88 жылдың ішінде бірінші рет, екі елдің қарым-қатынасын түзеу үшін америкалық президент Кубаға арнайы келген. Соған орай ол Фидел Кастромен кездеспей кетуді жөн санаған.

Америкалық президент Кубада 22 наурызға дейін болды. Оның жанында мемлекеттік хатшы Джон Керри мен делегация және Конгрестің 40 мүшесі мен кәсіпкерлер болды.

Мемлекет хатшысы Джон Керри 1945 жылдан бері алғаш рет Кубаға келген АҚШ-тың жоғары лауазымды американдық шенеунігі. Мемлекеттік хатшының Гаванаға келуі салтанатты түрде АҚШ елшілігінің ашылуына түрткі болды.


Следующая →