Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Талибан әлемдік аренада ешкіммен дұшпандық қарым-қатынасты қаламайды -Забихулла Мужахид

"Талибан" қозғалысының өкілі Забихулла Мужахид Кабулдағы баспасөз мәслихатында сөз сөйледі, онда Талибан* бейбіт мемлекет құруға ұмтылатынын мәлімдеді

Ауғанстанды бақылайтын "Талибан"* қозғалысы (Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған) елдің аумағын басқа мемлекеттерге қарсы шабуыл жасау үшін база ретінде пайдалануға жол бермейді, деп мәлімдеді Талибан" өкілі Забихулла Мужахид.
- Біз ауған аумағын ешкімге шабуыл жасау үшін пайдалануға жол бермейміз, - деді ол Кабулдағы баспасөз мәслихатында.
Кейбір батыс елдері Талибан* Ауғанстан билігіне келгеннен кейін террористік топтар қайтадан әрекет ете бастайды деп қорқады.

Сондай-ақ, Талибан* Ауғанстанда да, одан тыс жерлерде де жауласқылары  келмейтінін мәлімдейді.
- Біз сыртқы да, ішкі де жауларды қаламаймыз, - деді Мужахид.
Ол Талибандар* Ауғанстанды "қақтығыс үшін ұрыс алаңы болып қалуға" жол бермейтініне сендірді.

Мужахед "20 жылдық күрестен кейін біз басқыншыларды қуып шығардық. Бүкіл ұлт үшін мақтаныш сәті келді" деп атап өтті.

Оның айтуынша, "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған) "кек алуға тырыспайтындығың" және де ол "бәрін кешіргендігін мәлімдеді".

Ол тағы бір рет Талибан* басқа елдермен достық байланыс орнатуға дайын екендігіне сендірді. Мужахидтің айтуынша, елдегі барлық елшіліктер мен ҮЕҰ толық қауіпсіздігін қамтамассыз етеді.

* Талибан қозғалысы - террористік деп танылып, Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған.
Следующая →