Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Ирина Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандық "X-Factor" байқауының жеңімпазы неге балалар үйінің тәрбиеленушілерін вокалға үйретуді қолға алды?

2014 жылы Женя Выблов үшін барша қазақстандықтар дауыс берген болатын, әсіресе шығысқазақстандық жерлестері

Өскемендік дарынды жас жігіт, тамаша дауыс иегері, тағдыры күреске толы жерлесіміз "X-Factor" жобасының бас жүлдесін жеңіп алып 5 миллион теңгені қанжығалаған болатын. 

Танымалдылық оның тағдырына қалай әсер етті? Арада 7 жыл өткенде жұлдыз қалай өмір сүріп жатыр? 

Телекөрермендер мен қазылар алқасы Женяны бірден жылы қабылдады. Ол өзінің шынайылығы, ашықтығымен жанкүйерлерін баурап алды. 
- Басында өзімнің балалар үйінен шыққанымды жария еткім келмеген. Тағдырымнан ұялғаннан емес. Байқау барысында мені халықтың аяп, қазылардың сол үшін алға сүйреп, демегенін қаламадым. Талантымды бағаласын деп ойладым. Бірақ қазылардың бірі менен өнер жолымның қалай басталғанын сұрады. Сол кезде "Үміт" балалар үйінде ән айтып бастадым деп жауап беруге тура келді, - дейді Женя. 

Өлеңнің сөзін өзгерте алмайсың
 - Мен кішкентай болғанда әкем отбасынан кетіп қалды. Анам науқастанып ұзақ мерзімге ауруанаға жатты, - дейді жас әнші. 
Женя біраз уақыт қаңғыбастың тағдырын басынан өткізді. Бес жасқа дейін сөйлемеген. Содан алыс туысқаны жас дарынды тауып алып, жылулық пен мейірімге бөлеген. Жақынынан қамқорлықты сезінген баланың тілі шығып, ақжарқын мінезі қалыптаса бастайды. 
- Әжемнің ыстық ықыласы мен маған деген қамқорлығы әлі есімде. Ол ыстық тоқаштар пісіретін. Мен жанында қарап отыратын едім. Бұл менің бақытты балалық шағым екен, - дейді Женя.

Төбемнен найзағай түскендей болды 


Женя тоғызға толған жылы апасы қазір жағдайдың ауыр екендігін айтып, бүлдіршін үшін жақсы мүмкіндік жасап, білім беруге шамасының келмейтіндігін ескеріп мемлекет қамқорлығына тапсырған екен. Ол кез 2000 жылдың 9 қаңтары еді. Сол жылы қыста қар қатты жауғаны да жас баланың сәбилік санасында сақталып қалыпты. Әжесі екеуінің "Үміт" балалар үйіне қол ұстасып келе жатқаны әлі есінде. 
- Қарды омбылап ұзақ жүрдік. Екеуіміз де әбден титықтап шаршаған кезде алдымызда үйілген таудай қар жота болып жатыр екен. Әжем сол кезде осы қардан өте алмасақ үйге қайтамыз деген еді. Мен іштей "әжем жотаға шыға алмаса" деп тілеп келе жаттым. Бірақ әжемнің жотадан өтіп кетті. Сөйтіп мен осылайша балалар үйінде қалдым, - дейді Женя. 
Женяға балалар үйіндегі өмірге бейімделу керек болды. Туыстарын қатты сағынғанын айтады. Бірақ жүректегі реніш немесе пе бір дүние қоңырау шалуға жібермеген екен. Әжесі кейіннен Женяны демалыс кездерінде үйіне әкетіп отырған. 
- Уақыт өте келе мен сол кезде әжемнің дұрыс шешім қабылдағанына көзім жетті, - дейді әнші. - Балалар үйінде мен жаңа қырымнан танылдым. Жаңа достар таптым. "Казцинктің" бізге ұйымдастатын шыршасы әлі есімде. Жыл сайын силықтар, мерекелік бағдарлама, бәрі керемет болатын. Музыкалық жетекшім Ерболат Матабаевты "әке" деймін. Ал "Үміт" балалар үйінің директоры Майра Баймухановнаны бәріміз "ана" дейміз. 

Алғашқы нота


Балалар үйінде кезекшілік кезінде Женя ыңылдап ән айтып жүетін. Женяның өнерін байқаған тәлімгерлер онымен кәсіби түрде сабақтар өтіп, байқауларға қатыстыра бастайды. 

Алғаш "X-Factor" жобасында 2012 жылы бағын сынап көреді. Ол кезде бозбала музыка мектебінің үшінші курс студенті еді. Байқау мен сабақты қатар алып жүру қиынға түскен кезде Женя оқуды таңдайды. 
- Бір күні көңілім құлазып үйге қоңырау шалғым келді. Бірақ тағы да қоңырау шалмадым. Сол күні әжем дүниеден қайтыпты. Мен оны кейін естідім. Топырақ сала алмадым. Сол үшін де өзімді көп кінәладым. Әжем менің мәңгі жүрегімде, жадымда тірі бейнесі сақталып қалды. Қазір қиын кезеңдер болса, көңілім құлазыса, әжеммен ойша тілдесемін.

Анаға жыр 


- Анам көп жылдар ауруханада болды. Біз байланысымызды үзбедік. Хбарласып тұрдық. Әкемді мүлдем көрмегенмін. Бір күні қарындасым маған телефон шалып анамды қолына алып баққысы келетінін айтты. Басында ол ойды құптай қоймағаным рас. Кейіннен кішірек үй сатып алып анам мен қарындасым бірге тұра бастады. Осылайша жеті жыл өтіпті. Мен демалыстарда барып тұрдым, - дейді "X-Factor" жеңімпазы. 
Женяның анасының есімі - Надежда. Ол тәрбиеленген балалар үйі - "Үміт". Жарқын болашақтан, бақыттан ешқашан үмітіңді үзбеу керек дейді әнші. Қазір Женяның анасы бақилық болып кетті. 

Жеңіс гимні 


Женя талмай еткен еңбектің арқасында "X-Factor" жеңімпазы атанды. Байқаудан кейін жас дарынға түрлі шығармашылық жұмыстар жөнінде ұсыныстар түсе бастады. Байқау аяқталысымен өнерпаз Өскеменге оралып, сүйіктісімен отау көтерді. Содан бері әнші өзін отбасылық өмірге арнады десе де болады. 
- Мен жай ғана жұлдыз болып жүре бергім келмеді. Қоғамға пайдалы болғым келді. Жұбайым Маринамен бес жылдан асты отасқанымызға, бақытты өмір кешіп жатырмыз. Балалар үйінде "Inspire Studio" ашып вокалдан сабақ беремін. Онның үстінде талантты шәкірттерім бар, - дейді Женя.
Женяның альбомдарын шығаруға "Казцинк" ЖШС үнемі демеушілік көрсетіп тұрады. Байқаудан жеңіп алған қаржысына әнші көлік сатып алған. Қазіргі уақытта шәкірттер тәрбиелеп, еңбегінің жемісін көруде. 
- Мен тату, бақытты отбасында өмір сүріп, балаларыма жақсы тәрбие бергім келеді. Өмірдегі басты мақсатым осы, - дейді жас әнші. 
Следующая →
Материал размещен на правах рекламы