Жаңа Huawei смартфондарына Google қызметі кірмейді
Жаңа құрылғылар Android операциялық жүйесінде жұмыс істегенімен, бірақ Google Play және YouTube қосымшалары мен Google сервисіне қол жеткізе алмайтындығымен ерекшеленеді
Бұған компанияның АҚШ билігімен қақтығысы себеп болған.
Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Huawei қытайлық смартфондар нарығының 40%-ын иеленген. Алайда, басқа елдерде Google сервистерінің болмауы компания үшін маңызды мәселе болуы мүмкін, деп санайды сарапшылар. Бұған дейін Huawei Вашингтон енгізген АҚШ технологияларын экспорттауға шектеу, смартфон сатуға байланысты жылдық бизнес түсімін шамамен 10 млрд долларға қысқартатынын мәлімдеді.