Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Ақтөбеде парасаттылыққа оқытатын болды

Ақтөбеде парасаттылыққа оқытатын болды

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастамасымен “Парасаттылық мектебі” ашылды, деп жазады bilimdinews.kz сайты.

Бұрын-соңды болмаған шара ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыс бойынша филиалының бастамасымен қолға алынып отыр. 

– Парасаттылық мектебінің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлық фактілері жиі кездесетін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазіргі қоғамның дертіне айналған осынау жайтқа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру. Сонымен қатар, мұнда қатысушыларға парасаттылық, адалдық, әділдік принциптерін ұстау бойынша сабақтар өткізіледі. Өз кезегінде, қатысушылар білікті мамандардан үйренгенін өздері қызмет ететін оқу орындарындағы студенттерге жеткізеді, – деді университеттің "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығының 3-курс студенті Райхан Бақытжанқызы.

Кабинеттің ашылуында сөз сөйлеген Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы Мирлан Бегенжанұлы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жастарды парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамытудың жақсы бастамасы болып табылатынын атап өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Парасаттылық мектебі" – бұл қарқынды, шығармашылық атмосфераның, ұжымдық және жеке оқыту нысандарының, эмоциялық тұрғыдан еркін және қатысушылар арасындағы үздіксіз өзара әрекеттестіктің үйлесімі.


Следующая →