Ұлыбританияда ұшқыштар ереуілге шықты
British Airways британдық әуе компаниясының ұшқыштары жаппай ереуілге шықты. Бұл 300 мың адамды жолынан қалдыруы мүмкін
Дүйсенбі күні 4,3 мың ұшқыш жаппай ереуілге шығып, еңбекақыларын көтеруді талап еткен. Олар ереуіл екі күнге созылады деп мәлімдеген. Компания басшылығы тоғыз ай бойы осы сұрақты еш қараусыз қалдырып келген.
Бүгін 850 рейс тоқтатылуы мүмкін. Financial Times газеті жазғандай, British Airways 48 сағаттың ішінде 1,7 мың рейсты жүзеге асыратын.
Ал британдық премьер Борис Джонсон тараптарды бейбіт жолмен отырып мәселені шешуге шақырады. Бірақ әуе компаниясының басшылығы ереуіл тоқтатылмайтын болса, ұшқыштар мен олардың отбасы мүшелері тегін ұшу мүмкіндігінен айырылатынын айтып, қорқытуда.
Ереуілдің бір күні әуе компаниясын 40 млн фунт-стерлингке шығынға батырады.