ШҚО-да құтқарушылар алты жасар баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті
Баланың ата-анасы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Күршім ауданының Ақжайлау ауылынан жолға шығуға мәжбүр болды. Себебі балада аппендицит болуы мүмкін деген күдік болған
Қатты бораннан жеңіл автокөлік те, жедел жәрдем де ауылға бара алмаған. Күршімдіктің автокөлігі қарда тұрып қалып, құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды.
- Кәдімгі автокөлік үшін қозғалыс жабық болды, сондықтан біздің қызметкерлер кішкентай МТЛБ көлігіне баланы және оның ата-аналарын отырғызып, оқиға орнынан 30 шақырым жерде орналасқан Теректі ауылына қарай апарды. Құтқарушылар баланы дәрігерлерге тапсырды, қазір ешқандай қауіп жоқ, - дейді Күршім ауданының ТЖ бөлімінің басшысы Азамат Әбдірахманов.