Израиль Иранға шабуыл жасаймын деп қорқытып отыр
Иран билігі Баб-эль-Мандеб бұғазын жабатын болса, Израиль билігі халықаралық коалиция күшіне жүгінбек
Бұл жайлы Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху айтып отыр.
Бұған дейін Иран билігі өндірілген мұнайды сатуға әлем елдері кедергі болатын болса, Парсы бұғазын жауып, кемелерді жүргізбей тастайтындығын хабарлаған.
Ал бұған жауап ретінде Израиль үкімет басшысы халықаралық әскери күштің қолдауына сүйенетіндігін айтты. Бұғаз жабылатын болса, онда оны күшпен басып алатындығын жеткізді.
Тақырыптар:
Угроза Израиля Нефть Ирана Ирано-израильский конфликт Премьер-министр Израиля Биньямин Нетаньяху