Дәмхана иесі өртеніп кете жаздады
29 жастағы өскемендік азамат өз дәмханасын қорғаймын деп, термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді
Қазақстан көшесі бойында орналасқан көпқабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының бірінде өрт шыққан.
- Жалын ағаш сөрелер мен ас үй жабдықтарын, қабырғаны шарпыған, - деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Өрт лезде үстіңгі қабаттарға ауысқан. Құтқарушылар ғимараттан 160 тұрғынды далаға шығарды.
Мекеменің мәліметтеріне сүйенсек, 29 жастағы ер адам – дәмхананы жалға алып отырған. Ол өртке оранған ғимараттан бағалы заттарды далаға алып шығуға тырысқан. Сол сәтте термиялық күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Дегенмен ауруханаға жатудан бас тартты.
Өрттің шығуына өртке салғырт қарау немесе қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болуы мүмкін.