Сарапшылар КХДР-дің Жапонияға жасаған ядролық соққысының салдары туралы айтты
Бір сәтте ондаған мың адамның көзін жою үшін бірнеше зымыран жетеді
National Interest басылымының қызметкерлері Солтүстік Кореяның Жапонияға жасаған ядролық соққысының зардабын болжады, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар. Бұл үшін мамандандырылған Nukemap бағдарламасы қолданылған.
Жапония аралында орналасқан американдық базалар бірінші мақсат болған. Токиодан 50 шақырым жерде орналасқан "Йокота" базасына жасалған соққыдан бірден 13 мың адам көз жұмады. Тағы 45 мыңы зардап шегеді. Ал ядро қалдықтары астанаға жету-жетпеуі желдің бағыты мен күшіне байланысты.
Егер ядролық соққы Касумигасэки ауданына жасалса, бірден 24 мың адам қаза болып, 91 мыңы зардап шегеді. Бірақ ең жойқын соққы Синдзюкуде орналасқан Жапонияның Қорғаныс министрлігіне жасалуы мүмкін. Мамандардың болжамы бойынша 57 мыңнан астам адам жарылыс құрбандарына айналады. Сонымен қатар, шамамен 130 мыңы зардап шегеді.
Радиоактивті шөгінділер Жапония астанасының ел қалың қоныстанған аудандарын басып, ядролық жарылысты көрген он мыңдаған адам соқыр болып қалуы ғажап емес.
Следующая →