ШҚО-да гепатит жұқтырғандар әлі анықталуда
Үржар ауданында арнайы комиссия жұмыс істеп, жергілікті аурухананың бас дәрігері орнынан кетсе де, гепатит А балаларға әлі жұғуда
Үржар ауданы Таскескен ауылында екі бала гепатит А жұқтырып ауруханаға түскен. Бұл 11 жастағы қыз бала аурудан көз жұмған Шолпан ауылынан 18 шақырым жердегі елді мекен.
Зырян ауданы Жаңа Бұқтырма ауылының тұрғындары да араларында ауруға шалдыққандардың көп екенін, оларды ауруханаға жатқызбағанын айтады.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ауылда аталған ауруға шалдыққандардың болғанын растап отыр. Мамандар қоғамдық тамақтану орнын бірнеше ай бұрын тексерген де.
Следующая →
- Үшінші және бесінші сыныптарда оқитын екі бала ауруханаға түсті, - дейді ауыл мектебінің медициналық қызметкері. - Ауруды жұқтыру жолдары анықталмады, бірақ байланыс орнатқандардың барлығына вакцина берілді.
Зырян ауданы Жаңа Бұқтырма ауылының тұрғындары да араларында ауруға шалдыққандардың көп екенін, оларды ауруханаға жатқызбағанын айтады.
- Дәрігерлер тоғыз науқас барын біледі, бірақ ашып айтпайды, - дейді ауыл тұрғыны Әлия. - Олардың екеуі балалар, қалғаны Бұқтырма цемент зауытының қызметкерлері. Дәрігерлер тексерістен өткісі келгендерді қабылдамайды, алдын алу шараларын да жүргізбейді. Барлығы компанияның асханасынан жұқтыра бастады деп ойлаймыз.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті ауылда аталған ауруға шалдыққандардың болғанын растап отыр. Мамандар қоғамдық тамақтану орнын бірнеше ай бұрын тексерген де.
- 2017 жылы күзде мектеп пен БЦЗ асханаларындағы су пробалары алынды, - дейді мекеме басшысының орынбасары Гүлайым Тағаева. - Ауруға шалдыққандардың ішінде БЦЗ жұмысшылары жоқ.