Израиль қарулы күштері Сирияға шабуыл жасады
1 шілде күні Сирия артиллериясы Израиль еліне бағыттап екі рет оқ атқан. Ал Израиль елінің қарулы күштері болса, тек тұрмай қарсы шабуыл ұйымдастырды
Мұндай жағдай өткен аптаның өзінде бес рет қайталған. Израиль өкілдері атылған снарядтардың кейбірі кездейсоқ сынақ үшін жіберілген әскери қимыл екенін біле тұрса да, оған жауап қайырып, шабуыл ұйымдастырып отыр.
Израиль әскерінің ресми өкілі Ронен Манелис Сирия елінде болып жатқан азаматтық соғысқа араласпайтынын айтып отыр. Алайда ел билігі Израиль еркіндігіне нұқсан келсе, бұған міндетті түрде жауап қайыратынын айтуда.
Израиль соққысынан Сирияның екі танкісі, жүк көлігі, ірі калибрлі пулемет істен шыққан.