Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

«Каzaхи» командасы өз тарихында бірінші рет КВН жазғы кубогын жеңіп алды

Қазақстандық КВН командасы 15 жылдың ішінде тұңғыш рет өздерінің армандаған жүлделеріне қол жеткізді

Биылғы КВН жазғы ойындарына «Азия MIX», «Сборная Камызякского края», «Город Пятигорск» және «Каzaхи» командалары қатысты. Командаларға Михаил Галустян, Валдис Пельш, Сергей Светлаков, Екатерина Стриженова, Юлий Гусман, Семён Слепаков, Байғали Серкебаев тәрізді КВН майталмандары баға берді.

Бұл КВН кешінде командалары Қазақстан тақырыбына байланысты әзілдер айтылды. Пятигорск қаласының әзілкештері сахнаға қазақ пен орыстың ұлттық киімдерін киіп шығып, өнер көрсетсе, қырғыстандық «Азия Mix» командасы Дильназ Ахмадиевамен бірге «Золотой» әнін шырқады, ал «Камызяки» командасы «Казах без понтов - беспонтовый казах» миниатюрасын көрсетті.

Бас жүлде - «Бәйтерек» кубогін соңғы жеті жылдың ішінде алғаш сахнаға шығып тұрған «Каzaхи» командасы алды.

Следующая →