Иран Трамптың сөзін елемей баллистикалық ракеталарды жіберді
Иран Тегеранның шығысында орналасқан атыс алаңынан тағы бір ракетаны жіберді
Пентагон сол аралықта Ираннан жіберілген ракетаға қатысты хабарландыруға пікірлерін айтуда. - Бұл хабарландыруды толтыратындай ақпарат жоқ, - деді американдық әскери мекеменің өкілі Кристофер Шервуд.
«Өңірдегі қалыптылықты, адам құқығын бұзғаны үшін және баллистикалық ракеталарды шығару бағдарламасына,Иранның терроризмді қолдауына қарсы әрекетімізді тоқтатпаймыз» деп қостады.
Пентагон қазіргі уақытта Тегеранның «әуе – жер қыртысы» ракетасы туралы хабарландыруды зерттеу үстінде. Осыған дейін БАҚ Тегеранның шығысында екінші мәрте ракетаның ұшырылғанын айтқан.
Қаңтар айының соңында Иран орташа қашықтықтағы баллистикалық ракетаның сынын Тегераннан 225 км жерде орналасқан Семнан қаласының өңірінде өткізген болатын.Бұған жауап ретінде АҚШ Иранға тағы 25 санкция салды.