Дамаскінің миллиондаған тұрғындары ауыз сусыз қалды
Сирия президенті Башар Асад лаңкестік «Джебхат ан-Нусра» ұйымы Дамаск тұрғындарын үш апта бойы ауыз сусыз ұстап отырғанын айтты
- Қазір лаңкестер Дамаскінің ең басты ауыз су көзін ұстап отыр, осылайша 5 млн адамға баратын суды үш апта бойы ұстауда. Сирия әскерінің басты мақсаты – лаңкестерге суды пайдалана отырып астананы тұншықтыруға жол бермеу, - деді ол.
Сонымен қатар Асад 23 қаңтарда Астана қаласында өтетін келіссөзге дайын екенін айтып, кездесу барысында Сирия конституциясы бойынша референдум сұрақтары көтерілуі мүмкін екенін ескерді.
2016 жылы желтоқсан айының соңында лаңкестердің Дамаск төңірегіндегі су көзін дизельді отынмен улап тастағаны туралы хабарланған. «Джебхат ан-Нусра» - әрекеті бірнеше елде, соның ішінде Қазақстанда да тыйым салынған лаңкестік ұйым.