Алепподағы гуманитарлық жасақ шабуылына кінәлілер табылған жоқ
БҰҰ арнайы комиссиясы қыркүйектің 19-нан 20-на қараған түні Алепподағы гуманитарлық жасаққа шабуыл жасаған ұшақтың қай елге тиесілі екенін анықтай алмады
БҰҰ тергеушілерінің ойынша бұл әрекетке қарсыластардың қарулы тобының қатысы болуы мүмкін емес. Өйткені олардың әуеден шабуылдауға мүмкіндігі жоқ.
БҰҰ комиссиясы 17 желтоқсанында тергеуді аяқтаған.
Естеріңізге сала кетейік, 19 қыркүйекте САҚЖА және БҰҰ гуманитарлы жасағына шабуыл жасалған. 18 бейбіт тұрғын көз жұмды.