Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
КТК

Ақтөбеде теракт кезінде терезеден қашқан офицерлер ісі қаралуда

Ақтөбелік әскерилер бөлімге террористер басып кіргенде дәретханаға тығылып қалған офицерлерге айып тағылуда

Ақтөбелік әскерилер бөлімге террористер басып кіргенде дәретханаға тығылып қалған офицерлерге айып тағылуда, деп хабарлайды "КТК телеарнасының сайты".

-Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінің қос қызметкеріне қатысты тергеу ерте аяқталғанымен, соттың болатын уақыты бір ай бойы кейінге шегеріліп келді. Себебі, істі қарайтын судьяның науқастануына байланысты уақытты соза тұру керек болыпты. Ал мемлекеттік айыптаушыны Астанадағы бас әскери прокуратурадан алдырған.

Сот отырысына шақыртылған куәгерлердің барлығы дерлік лаңкестік оқиға болған күні бөлімде болған жауынгерлер. Оларды процесске саппен жеткізді. Алғаш болып сөз алған прокурордың айтуынша, әскери бөлімде кезекшілікке жауапты қос майор содырлар шабуыл жасағанда өз бастарын ойлап тұра қашқан. Олар ең алдымен дәретханаға тығылыпты.

Төреғали Бәкіров, мемлекеттік айыптаушы:

-Тастанбеков бесінші маусым күні, қарулы топ 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған кезде өз өмірін ғана ойлап, қызметтік жарғы ережелерін бұзған. Ол бөлімшелердің кезекшілеріне есіктерді жабу туралы бұйрық бермей, дәретхана терезесі арқылы көмекшісімен қаша жөнелген.

Сол күні кезекшілер отырған штабқа бас сауғалап кірген 3 жауынгер де содырлар оларға бет алғанда дәретханаға тығылғандарын жасырмайды. Тіпті атыс аяқталғанша дейін отырған. Бірақ майор Тастанбеков пен Оразжановтың қолдарына тапанша ұстаған күйі қайда кеткендерін білмей қалыпты.

-«Сақалдылар» басып кірді деді. Майор Тастанбеков айтты. Сасқалақтап қалдық бәріміз. Не істерімді білмей қалдым.

Ал әскери бөлімнің кезекшісі Қайнарбек Тастанбеков өз кінәсін мойындамайды. Ол керсінше жауынгерлерді жасырып, құзырлы органдарға дабыл қағумен болғанын айтады.

Қайнарбек Тастанбеков, айыпталушы:

-Дәретхана терезесінен секіруімнің себебі бар.Секіріп шығып дабыл беруім керек болды.  Байланыс торабына құстай ұштым.  Бір қолымда пистолет, бір қолымда ұялы телефон болды.

Ал Тастанбековтың көмекшісі майор Қайырғали Оразжанов жарғыны ойлауға мұршасы болмаған. Ол кінәсін мойындап отыр. Дегенмен, әлі он шақты жауынгер лаңкестік оқиғаға байланысты куәлік етулері керек. Оның қаншаға созылатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, бесінші маусым күні экстремистердің қолынан сол әскери бөлімде майор Даниел Майлыбаев пен офицер Берік Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапар қаза тапқан болатын.

Следующая →