Мәскеуге жол беруге АҚШ-ты Сирия мәжбүрледі
Американың кейбір әскери қызметкерлері Мәскеу мен Вашингтонның Сирияда бітімге келгеніне наразылық білдіруде
Бұл туралы американдық Foreign Policy басылымы мәлімдеді. АҚШ Мемлекеттік департементінде РФ-мен болған келісімді кеңінен қолдайтынын анықтап айтып, бірақ Америка Ақ ордасы Мәскеумен «намыссыз кеңеске» келді деген шенеуніктер барын айтады.
- Мемлекеттік Департамент пен Пентагонның кейбір ресми өкілдері Мәскеумен байланыстың тереңдегеніне көңілдері қалды, - дейді басылым беті. Десек те, АҚШ-тың барлық әскери шенеуніктері, өздерін іштей көндіргеніне қарамастан, келісімді орындамақ
Ертеректе, САР-да бекітілген РФ мен АҚШ арасындағы тыныштық тәртібі туралы келісім өткен аптаның соңында қабылданғаны хабарланған. 12 қыркүйек, дүйсенбі күнінен бастап ол іске аса бастады. Ресей әскерилері Алеппо кіре берісіне бақылау орнатып қойды.