Бір күн ішінде Өскеменде екі жаяу жүргінші қаза тапты
Өкінішке орай, екі жағдайда да жол-көлік оқиғасына тап болған адамдарды құтқарып ала алмады
Бірнеше сағат бұрын ЖМК өңірінде «Фольцваген Пассат» көлігінің жүргізушісі «зебрада» адамдарды қағып кетті. Куәгерлердің айтуынша, қақтығыстан кейін жаяу жүргінші үлкен қашықтыққа ұшып түскен. Алған жараққаттардан көз жұмды. Көлік жүргізушісі рөлді бұрып жақын маңайдағы ағашқа соғылды.
Тағы бір жағдай өткен түнде орын алды. Түнгі үш кезінде Тәуесіздік даңғылында «Лада Гранта» көлігінің астына 44 жасар әйел түсті. Апат барысында, зардап шеккен адам сол жерде көз жұмды.
Қайғылы оқиға орын алған екі жерде де құқық қорғау органдары жұмыс істеуде.