Жүкті әйелдерге Тайланд пен Мальдив аралдарына сапар жекпеу ұсынылады
Қазақстандықтардың сүйікті демалыс орындары Таиланд пен Мальдив жүкті әйелдерге жол жүруге болмайтын аймақтар тізіміне кіріп отыр
Фото:
bezzia.com
Қазақстандықтар сүйіп демалатын Тайланд пен Мальдив аралдары қазір қауіпті аймақ саналып отыр. Әсіресе, аяғы ауыр туристер онда аттап баспауы тиіс. Өйткені бұл аралдарда қазір қауіпті вирус ушығып тұр, деп хабарлайды КТК сайты.
Ал қанды безгекті кәдімгі масалар таратуда. Зика деп аталған дерт бір шаққаннан жұғады. Қауіпті ауру жердегі жұмақтай болған Бразилия, Мексика және Гаитидан бөлек тағы 22 мемлекетте жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 4 миллион тұрғын осы ауруды жұқтырып алуы ықтимал. Оның алғашқы белгілері – дене қызуы көтеріліп, бас сақинасы ұстайды. Әрі жүрек айнып, тамақ жегізбейді екен. Бұл дертпен бұрын тек Африка тұрғындары ауырған көрінеді. Алайда ауру масалармен басқа құрлықтарға да тарап кетіпті. Еуропаның бірқатар мемлекеттері осы вирусқа қарсы күресті бастады. Біздегі дәрігерлер де жағалауда қыздырынғанда масаға қарсы қоспаны қоса ала жүруге кеңес беруде.