Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматыда бала саудасына қатысті іс сотта қаралмақ

Тұтынушылар, баласыз отбасылар сатылып алынған, бірақ бауыр басып қалған балаларынан айырыламыз деп үрейленуде

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / В Алматы начались слушания по делу о продаже младенцев
Фото:
nazaccent.ru
Алматыда 30-дан аса адам бала саудасымен айналысқан деп айыпталуда. Бүгін сәбилерді тірі тауарға айналдырғандарға қатысты қылмыстық істі сот алдында тыңдау басталды. Нәрестені сатып, қыруар қаржы тауып келген перзентхана қызметкерлерімен қатар оларды сатып алушылар да сот алдында жауап беріп жатыр. Айта кетсек, бұл жаға ұстатар жағдай былтыр көктемде әшкереленген. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, акушер-дәрігерлер бастаған қылмыстық топ 8 жыл ішінде 15 бала сатқан, деп хабарлайды КТК сайты.

Тірі жанды тауар қылғандардың ісі ақыры сотқа жетті. Бүгін сот алдында Алматы облыстық көпсалалы ауруханасының бұрынғы қызметкерлерімен қатар сәбиді ақшаға сатып алғандар да жауап беріп жатыр. Жалпы саны 32 адам. Бүгін алдын-ала тыңдауға сотталушылардың бәрі бір-бір адвокатпен келді. Дегенмен істің өзі жабық қаралып жатыр.

Жеңіс Кәрібаев, Алматы қаласы Кәмелет жасына толмағандардың ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

- Алдын-ала сот тергеуі өтуімен осы бас сот талқылауы қай күнге тағайындалатыны шешіледі. Алдын-ала сот тергеуі жабық сот мәжілісінде қаралады. Сол себептен, журналистер сотқа жіберуге болмайды.

Сотқа келген ақ халаттылар бет-жүздерін барынша жасырып әлек. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, бұл топ жылмысқы әрекеттерін 8 жыл бойы жалғастырыпты. Осы уақыт аралығында 15 нәресте сатылып кеткен. Әрқайсының бағасы 150 мың теңгеден 6 мың долларға дейін бағаланған. Клиенттер негізінен перзент сүюге зар болып жүрген отбасылар. Мәселен, Гүлмира Сауытова шекесі торсықтай ұлды 4 жарым мың долларға сатып алған. Өз кінәсін мойындаған әйел енді туғанындай көріп кеткен баласынан айырылып қалуы да мүмкін.

Гүлмира Сауытова, айыпталушы:

- Доллар ауыстырған кезде мен машинада отырдым. И бала алған кезде тоже қасында болдым. Өзім асырап жатырмын баланы, өзімнің туған баламдай.

Перзентхана қызметкерлері негізінен некесіз босанған жас аналарды алдап, өз баласынан бас тартуға итермелеген. Бірақ сәбиінің саудаға түсетінін босанған келіншектердің ешқайсысы білмеген көрінеді. Айсара Бекжанова ақ халаттыларға алданғандардың бірі. Бауыр еті баласын дер кезінде қайтып алса да, қазір айыпталушылар қатарында.

Әбдіхайым Саматаев, айыпталушы Айсара Бекжанованың адвокаты:

- Қазіргі кезде баласы өзінде, бірақ баланың құжаттары басқа кісінің атына шығарып қойған. Алдында ондай әңгіме болды дейді, бірақ мен оған келіскен жоқпын дейді. Азаматтық некедегі күйеуі де, өзі де айтады. Біз қатты алдандық дейді. Сол алданғандықтан қазір осындай жағдайға душар болдық деп айтып отыр.

Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты іс Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша қозғалған. Сотқа келіп түскен тергеу құжаттарының өзі 45 томды құрайды. Айта кетсек, айыпталушылар қазір қолхатпен және мүліктерін кепілге қойып бостандықта жүр. Ал туыла салып тірі тауарға айналғандар қазір сатып алған ата-аналарының қолында. Дегенмен, олар сот шешімі бойынша балалар үйіне тапсырылуы мүмкін.
Следующая →