АҚШ киноакадемиясы өз құрамын өзгертеді
Ең абыройлы киножүлделердің бірі «Оскар» төңірегінде туындаған нәсілдік жанжалға байланысты қазылар құрамын қайта қарауға шешім қабылданды
Фото:
scarabey.org
Көпшілік аталмыш сыйлыққа ұсынылғандар арасында афроамерикалық текті өкілдің болмағандығына наразылықтарын білдіруде.
Бұл туралы академия президенті Шерил Бун Айзекс мәлімдеді. Оның айтуынша, қиындықтарға қарамастан, номинанттар тізімі өзгертілмек. Сонымен қатар, алдағы жылдарға жаңа үміткерлер тарту үшін америкалық киноакадемия мүшелік жүйені бағалауды іске асыратын болады.
Бұдан бұрын қара терілі актриса Джада Пинкетт-Смит пен режиссер Спайк Ли «Оскар» жүлдесіне қара терілі номинанттардың жоқтығына қатысты бойкот жариялайтындықтарын мәлімдеген болатын.
Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда әр түрлі категорияда Оскар сыйлығына үміткерлер тізімі анықталған болатын. Олардың арасында ең үздік ер адам рөліне үміткерлер: Леонардо Ди Каприо («Выживший»), Майкл Фассбендер («Стив Джобс»), Брайан Крэнстон («Трамбо»), Мэтт Дэймон («Марсианин»).
Басты рөлдегі ең үздік актриса категориясы бойынша Кейт Бланшетт («Кэрол»), Бри Ларсон («Комната»), Дженнифер Лоуренс («Джой»), Шарлотта Рэмплинг («45 лет») пен Сирша Ронан («Бруклин») үміткер.