Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

7 мамыр: бүгін тарихта

Устинка LIVE ақпараттық порталы осы күндегі маңызды күндер мен оқиғалар туралы баяндайды

Новости мира / Интересные новости / 7 мамыр: бүгін в истории
Фото:
Устинка LIVE

Ақпарат sputnik.kz сайтының материалдары бойынша дайындалған. 

Бүгін әлемде:

Қазақстанда Отан қорғаушы күні;

Радио күні; 

Астрономия күні; 

Ресей Қарулы Күштерінің құрылған күні.

Бұл күн тарихта: 

1946 жылы Токиода "Токио цусин коге" компаниясының негізі қаланды, кейін ол SONY болып өзгертілді;

1956 жылы Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі темекі шегуге қарсы күрес науқанын бастаудан бас тартты, ол шылымның зиянына көзінің жетпейтінін мәлімдеді; 

1971 жылы Black Sabbath британиялық рок-группа "Paranoid" альбомы үшін "Алтын диск" алды; 

1975 жылы Өскемен қаласындағы Ертіс өзенінің жағасында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мерт болған шығысқазақстандық азаматтарға ескерткіш орнатылды; 

1997 жылы Канн фестивалінде Люка Бессонның "Бесінші элемент" фильмінің тұсаукесері өтті; 

2014 жылы Өскемен қаласына кіреберісте қазақтың атақты қолбасшысы Қабанбай батырға арналған қола ескерткіш орнатылды. 

Бұл күні туғандар: 

1840 жылы орыс композиторы, музыка сыншысы және педагог Петр Чайковский дүниеге келді. Он опера, үш балет, алты симфонияның авторы, ең танымал шығармалары – "Лебединое озеро", "Щелкунчик"," Спящая красавица"; 

1930 жылы Қазақ КСР-нің халық суретшісі Евгений Сидоркин дүниеге келді; 

1931 жылы конькиші, Қазақстан конькишілері арасынан шыққан тұғыш спорт шебері, алыс қашықтықтарға жүгіруден және көпсайыстан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, 7 мәрте республика рекордын жаңартушы Ораз Қаңлыбаев дүниеге келді;

1931 жылы ғылыми фантастика мен фэнтези жанрында қалам тербеген америкалық жазушы Джин Вулф дүниеге келді; 

1939 жылы италиялық кинорежиссер, сценарист және продюсер Руджеро Деодато дүниеге келді; 

1946 жылы кинорежиссер Владимир Бортко (Фильмдері – "Собачье сердце", "Бандитский Петербург", "Тарас Бульба) дүниеге келді; 

 1963 жылы ҚР Парламенті сенатының төрағасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева дүниеге келді. 1975 жылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары (2019 жылдың 25 ақпанынан) Жеңіс Қасымбек дүниеге келді.

Следующая →