Өскеменде 49 мың бөтелке тіркелмеген алкоголь табылды
ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті құрамында спирті бар өнімдер нарығының субъектілерін тексеруді жалғастыруда
Облыс орталығының көтерме қоймаларының бірінде алкоголь өнімін заңсыз сақтау фактісі анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тәртіп сақшылары "Qulan", "Пшеничная", "Хаома" маркалы арақты, сондай-ақ "Қазақстан", "Sikvaruli", "Грузин" коньяктарын, "Алазан алқабы", "Мускат" және "советтік шампан"шараптарын тәркіледі. Барлығы 49 000 бөтелке "күмәнді сусын" шықты.
Қысқа уақыт ішінде бұл Өскеменде алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының екінші жағдайы. Сәуір айында тексеру барысында тек сақтау фактісі ғана емес, сондай - ақ алкоголь өнімін заңсыз дайындау фактісі де анықталды, - деп хабарлады ШҚО бойынша МКД.
Барлық алкоголь сараптамаға жіберілді.