Саңырауқұлақтарды үнемі тұтыну қатерлі ісік ауруларынан сақтайды дейді ғалымдар
Дәрігерлер мен ғалымдар бұл өнімнің артықшылықтары туралы бұрыннан бері айтып келеді. Оның құрамында В және С тобының дәрумендері, никотин және фолий қышқылдары, кальций, фосфор, калий, темір бар
Пенсильвания штатының ғалымдары (АҚШ) саңырауқұлақты тұтынудың көбеюі қатерлі ісік ауруының төмендеуімен байланысты екенін анықтап, жаңа зерттеудің нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Сарапшылар шампиньондар мен шиитак саңырауқұлақтары қатерлі ісік ауруларына жақсы көмектеседі дейді. Ғалымдардың пікірінше, олардың құрамында эрготионин-антиоксидант бар. Ол жасушаларды қатерлі ісіктен сақтай алады.
Жұмыстың авторлары аурудың барысын 20 мыңға жуық науқас арқылы зерттеген. Қатерлі ісік ауруының даму ықтималдығына әсер еткен факторларды іздеу барысында зерттеушілер тамақтануға назар аударды. Күніне кем дегенде 18 грамм саңырауқұлақты тұтыну қатерлі ісіктердің даму ықтималдығын 45% төмендетуі мүмкін екендігі анықталды.