Түркияда Жаңа жыл мейрамы тойланбайды: ІІМ мәлімдеме жасады
Түркия Республикасы ішкі істер министрлігінің ресми сайтында қонақ үй, мейманхана басшылары мен қонақ туристтердің көңілін құлазытатын хабарлама жарияланды
Эпидемиологияық жағдайларға байланысты Түркия билігі республика аумағында жаңа жылдық мереке қарсаңында кең көлемде іс-шаралардың өтуіне тыйым салды.
Ішкі істер министрлігінің айтуынша, карантин шараларына қарамастан бірқатар үлкен қонақ үйлер мен мейманханалар жұмыс істеуін әлі де тоқтатар емес. Ережені елеп-ескерместен жаңа жылдық мейрамында көңіл көтеру бағдарламасы енгізілген мерекелік кештерді өткізуге дайын екендіктерін жарнамалап жатқан демалыс орындары да көп.
Құқық қорғау қызметкерлері туристер мен бизнес өкілдеріне енгізілген шектеулердің еске салып, коронавирустың таралуына жол бермейтінін ескертті. Мерекелік басқосулар, әртістер мен өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін іс-шаралар, ұжымдық отырыстар, тамақтанулар – осының бәріне үзілді-кесілді тыйым салынды.
Мейманғана мен қонақ үйлерге рождестволық турларды сатпау туралы бұйрық берді. Сонымен қатар, сағат кешкі 22.00-ден кейін музыкалық сүйемелдеумен өтетін отырыстарға да тыйым салынды.
Следующая →