Облыстың тәртіп сақшылары отшашу сататын орындарын тексеруде
2020 жылдың 15 желтоқсанынан бастап 5 қаңтарға дейін облыс көлемінде алдын алу шаралары, түсіндіру жұмыстары өтеді
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаменті "Отшашу" атты жедел түсіндіру жұмыстары аясында пиротехника заттарын заңсыз сататын алыпсатарлардың жолдарын кесуді қолға алған.
Следующая →
- Тек лицензиясы, яғни арнайы рұқсат құжаты бар отшашу заттарын сатуға жол берілген. Олай болмаған жағдайда ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 196 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, мәсекле соттың қарарына жіберіледі. Мұндай заң бұзушылыққа 25 АЕК айыппұл салоу қарастырылған, - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қаруды бақылау тобының аға инспекторы Талғат Ысқақов.Құтқарушылар мен полицейлер пиротехникалық бұйымдарды оларды сататын арнайы, заңды орындардан ғана сатып алуды қатаң түрде ескертеді. Сатып алу кезінде сақтау мерзімі мен сатылымына баса назар аудару қажет. Қаптама бүлінбеген, бүтін болуы керек. ШҚО Полиция департаментінің мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстанда қажетті сертификаттары бар төрт нүкте ғана пиротехникалық заттарды сатуға рұқсат алды.
- Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес пиротехникалық өнімдерді сатуға мамандандырылған дүкендерде немесе бөлімдерде рұқсат етіледі. Пиротехникалық бұйымдарды өрт қалқаларымен бөлінген бөлмелерде, орнатылған металл шкафтарда сақтау керек. Оларды жертөлелерде орналастыруға мүлде болмайды, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы Ринат Қондыбаев.Пиротехниканы тек ашық кеңістікте, ғимараттардан алыс жерде қолдану керек. 50 метр радиуста өртке қауіпті заттар болмауын да ескерген жөн. Ешқандай жағдайда балаларға отшашу ұстауға рұқсат жоқ. Тексеріс шаралары барысында Бородулиха ауылында пиротехникалық өнімдердің заңсыз саудасы анықталды. Тәртіп бұзушы Семей қаласының тұрғыны болған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 196-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, 20 АЕК (55560 теңге) айыппұл салынды.
- Құтқарушылардың статистикасы бойынша жаңа жылдық мерекелерде өрт саны айтарлықтай артады. Бұрын, осы кезеңде Шығыс Қазақстан облысында 14 өрт болған. Көбінесе көпқабатты үйдің самалдықтары зардап шегеді, - деп атап өтті ТЖД. - Сіз отшашуды тыныш ауа райында, ғимараттардан, автомобильдерден, электр желілерінен қауіпсіз қашықтықта ғана пайдалана аласыз. Отқа бейім кез-келген объектіден аулақ, 50/50 метрлік орынды таңдау керек. Тұрғын үйлердің балкондарынан тарсылдақ петардттарды лақтырмаңыз! Тәжірибе жасау үшін, пиротехникалық бұйымдардың қаншалықты қауіпті екенін көрсету үшін құтқарушылар тіпті отқа төзімді көп қабатты леггинстерді қолданып, арнайы тәжірибе өткізді. Киім өте тығыз және оттың температурасына төзімді болғанына қарамастан, олар жарылыс күшіне төтеп бере алмады, отшашу ұшқындары жыртып жіберді.