Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Әлемдегі үшінші жұмбақ монолит табылды

Бұл жолы нысан Американың Калифорния штатында, Атаскадеро қаласындағы Уайт-Маунтин-Пик тауынан табылған

Еске салайық, өткен аптада Юта штатының қоғамдық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері шөлді жерден металл монолитті тауып алдыдеп хабарлайды РИА Новости. Бюро өкілдері жұмбақ құрылымды қараша айының ортасында жабайы табиғатты қорғау қызметкерлеріне мүйізді жабайы қошқарларды санап жүрген кезде тапқан. Монолиттің биіктігі шамамен 3-3,5 метр. Бірнеше күннен кейін монолит жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен.

Артынша АҚШ-та табылған металл монолитке ұқсас нысан 26 қарашада Румыниядан да табылды. Жергілікті мәдениет және тарихи мұра бөлімінің өкілі билік биіктігі шамамен төрт метр "жұмбақ туындыны" зерттейтінін хабарлаған. Ютадан табылған монолитке қарағанда Румыниядағы құрылым үшбұрыш және сыртында оюлар бар болып шыққан. Бірақ Румыниядағы монолит те жоғалып кеткен. 

Сәрсенбі күні тағы бір металл монолит Атаскадеро қаласындағы Пайн тауының басынан абылған. Металл құрылым тот баспайтын болаттан жасалған. Оның биіктігі - 3 метр, ені - шамамен 46 сантиметр. 

Болжам бойынша, Калифорниядан табылған монолиттің салмағы 90 келі. Құрылым таудың басынан қалай анықталғаны түсініксіз, алайда жергілікті туристтің сөзінше, сейсенбіде бұл монолит болмаған. 
Следующая →