Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жоғалған балықшыларды іздеу жұмыстары жалғасуда

Операцияға 19 сүңгуір мен арнайы техника жұмылдырылған. Іздеу аймағы бір жарым шақырым, 7-9 метр тереңдікте

Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні 30 және 39 жастағы екі балықшы Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде жоғалып кеткен.

ШҚО ТЖД мәлімдегендей, іздеу жұмыстарына құтқарушылардың жүзу құралдарынан өзге, 19 сүңгуір, ауа көпшігі бар "Пегас" кемесі, сонымен қоса су астындағы көріністі дисплейге шығаратын "Гном" бейнебақылау жүйесі бар.

- Бір жарым шақырым аймақтағы 7-9 метр тереңдікті шолып жатыр, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - 23 қараша мен 1 желтоқсан аралығында 55 мұзойық жасалып, 55 рет сүңгуірлер түскен. Су астында ештеңе көрінбейтіндіктен іздеу қиынға соғып тұр. 

27-29 аралығындағы іздеу жұмыстары нәтижесінде күртке, мөшек пен ау табылды. Күн сайын жергілікті 30 балықшы құтқарушыларға көмектесіп, жағадан бір жарым шақырым қашықтықта тралдау жұмыстарын жүргізеді, пайдаланылатын ау ұзындығы – 600 метр.



Следующая →