Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +23°
$
515.03
584.82
¥
70.67
6.24
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Әлемде коронавирустан 1 млн 30 мың адам қайтыс болған

Worldometer порталының мәліметтеріне сүйенсек, әлемде коронавирустан қаза болғандар коэффициенті ғаламшардың 1 млн тұрғынына шаққанда 133,2 құрады

COVID-19 пандемиясы басталғалы әлемде коронавируспен байланысты дерт салдарынан қаза болғандар саны жексенбі күнгі жағдай бойынша  1 млн 31 мың 576 құрап отыр. Бір тәулікте 3 мың 573 адамға артқанын айтып отыр американдық Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері.

Университет ұсынған мәліметтерге сүйенсек, жексенбі күні инфекция жұқтырғандар әлемде 36 млн 797 мың 492 адам.

Ал науқастар саны 4 млн-нан асатын елдер қаарына АҚШ, Үндістан мен Бразилия бар.

АҚШ-та 7 млн 379 мың 711 адам анықталса, қаза болғандар – 209 мың 335 адам, жазылып шыққандар – 2,9 млн.

Екігші орында 6 млн 549 мың 373 науқас тіркелген Үндістан тұр. Қайтыс болғандар саны – 101 мың 782 адам, жазылып шыққандар – 5,5 млн адам. 

Үшінші орындағы Бразилияда 4 млн 880 мың 523 науқас тіркелсе, 145 мың 388 адам көз жұмысп, 4,32 млн адам ауыр дертті жеңіп шықты.

Осы орайда айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 белгісі бар пневмония жұқтырған 37 адам тіркелді. Бірақ ПТР тест нәтижесі теріс. Жазылып шыққандар саны – 57, ал екі адам көз жұмды, деп мәлімдеді дүйсенбі күні ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Следующая →