Өскеменде екі күн демалыста бірнеше өрт орын алды
Шұғыл шақыртуға дәнекерлеу жұмыстарын жасаудағы абайсыздық, "Титан" саяжай бірлестігіндегі өрт және Ұлан ауданындағы шабылған шөптің өртенуі себеп болды
Кеше кешкі уақытта Тимирязев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінен түтін шыққан. Анықталғандай, шағын өрттің шығуына тұрғындар жалдаған мамандардың дәнекерлеу жұмыстарын жасау барысында қауіпсіздік шараларын ескермеуі себеп болған. Өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйден 35 адамды далаға шығаруға мәбүр болды. Жеті шаршы метр аумақты шарпыған өрт дереу ауыздықталып, сөндірілді.
Дәл сол күні Қ. Батыр көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы электресептегіштің детальдары жана бастаған. Түтін шыққандықтан бұндағы тұрғындарды да далаға шығаруға тура келді.
Айналма шоссе ауданындағы бос жатқан цехтің шатырында өрт шыққан. Өрттің шығуына, алдын ала болжам бойынша, төбені жапқан кезде қауіпсіздік техникаларының сақталмауы себеп болса керек. Енді басқа жерде, жол құрылысы аумағында контейнерден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер жеті шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жауды сөндірді.
Бүгін таңертең "Титан" саяжайлар бірлестігінде жер үй өртенді. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, өрт электр бағанасындағы тоқтың қысқа тұйықталуынан шыққан. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Бұл үйдің үйлерін тек жазда ғана кеетін көрінеді.
Бірер сағат бұрын өрт сөндірушілер "Восточник-Степной" саяжайлар бірлестігіндегі тілсіз жаумен күресіп келген. Онда шабылған шөп тұтанып кеткен. Үш гектар аумақты шарпыған өрт жеті гектарға дейін жайылған. Оқиға орнында Ұлаун ауданы мен Өскемен қаласының №6 өрт сөндіру бөлімінің мамандары жұмыс атқарды.
Следующая →