Француз археологтары 2800 жыл бұрынғы мазарды анықтады
Зерттеушілер жұмыстар Лион қаласынан 30 шақырым жерде жүргізілгенін айтады. Ғалымдар ол жерден біздің эрамызға дейінгі сегізінші ғасырда өмір сүрген әйелдің сүйектерін тапқан
Археологтардың айтуынша, емен табытында жатқан скелеттің қолында көгілдір шыны мен мыстан жасалған моншақты білезік, қысқышты айылба болған, ал бас жағында керамикалық ыдыстар фрагменті табылды, деп жазады МИР24 сайты.
Олардың сөзіне сүйенсек, бұндай заттар ақсүйкетер табынан шыққан адамға тиесілі болуы мүмкін. Яғни, қыз король әулетінен шығуы мүмкін. Бірақ әбден тозығы жеткен сүйектен археологтар оның жасы мен өлім себебін анықтай алмады.