Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Аягөздегі төрт баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Комиссия мүшелері осы жағдайға қатысты барлық материалдарды тексеріп шыққан, оның ішінде медициналық құжаттама мен мекемедегі бейнебақылау камераларындағы жазбалар да жіті қарастырылды

- Көз жұмған бұл төрт балаладан да ата-аналары бұрын бас тартқан екен, - деп атап өтті Әлішер Мархабат. - Комиссия анықтағандай, төрт бала туабітті ауруларының асқынуынан бір айдың ішінде әр түрлі уақытта қайтыс болған. 2 сәуір күні 2008 жылғы ұл, 11 сәуір күні 2009 жылғы ұл, 20 сәуір күні 2006 жылғы ұл бала және 29 сәуір күні 2012 жылғы қыз бала көз жұмған. Дәрігерлердің шығарған қорытындысы бойынша балалардың өліміне қызылша ауруының қатысы жоқ.

Балалардың қазасына негіз болған себептердің бірі – ағзаның әлсіреуі (истощение) деген ақпарат та айтылып жүрген болатын. Ал облыс әкімінің орынбасары науқас балаларда салмақ жоғалтуы және физикалық дамудың тежелуі табиғи құбылыс екенін алға тартады. Оның үстіне бас педиатр интернаттағы 98 баланы тексеріп шыққан. Тексеріс кезінде ондағы балалардың барлығының жағдай жақсы, тамағы тоқ екенін анықтаған.

- Ал қызылша инфекциясын интернат қызметкерлерінің бірі карантин режімі енгізілмей тұрып мекемеге әкелген. Орталықтағы балалар мен қызметкерлерден талдама алынды. Нәтижесінде 9 бала және 2 қызметкерден қызылша инфекциясы анықталды. Олардың барлығы аудандық ауруханадан ем қабылдап, бүгінгі таңда ауруханадан шығарылды, - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Комиссия жұмысының негізінде ішкі істер органдары төрт баланың өліміне қатысты ҚР ҚК 317-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

- Комиссия интернат қызметінде жеке медициналық құжаттарды жүргізу ісінде де олқылықтар анықтады. Одан өзге, әлеуметтік қорғау басқармасы ішкі тексеріс аясында Аягөздегі мамандандырылған балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорын, орынбасарын, басқарма мен орталықтың профильді бөлім басшыларын тәртіптік жазаға тартты, - деп атап өтті әкім орынбасары.

Следующая →