Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем Айдана Меирбаева
Ақпарат көзі:
Интерфакс

"Союз-2.1а" зымынарын орбитаға "Прогресс МС-14" жүк кемесін ұшырды

"Прогресс МС-14 " кемесінде 650 килограмм жанармай, 46 килограмм ауа мен оттегі, ауыз су бар

Әуе кемесі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан бүгін таңертең ұшырылып, межелі жерге үш сағат жиырма минуттан кейін жетті, деп жазады Sputnik Қазақстан сайты.

"Прогресс МС-14" көлік жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына автоматты түрде қонып, экипажға азық-түлік, су, жанармай және басқа жүктерді жеткізді. Әуе кемесі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан сенбі күні, 25 сәуірде таңертең "Жеңіс зымыранымен" ұшырылды.

Тасымалдаушы Жеңістің 75 жылдығы логотипімен және жеңіс ордендерімен безендірілген.

"Прогресс МС-14" Халықаралық ғарыш станциясымен түйіскенге дейін үш сағат жиырма минут уақыт өтті.

"Жеңіс зымыраны" ХҒС-қа екі тоннадан астам жүк жеткізді, оның ішінде 1,35 тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек, экипажға арналған санитарлық-гигиеналық заттар, ХҒС борт жүйелеріне арналған жабдықтар және эксперименттер жүргізуге арналған аппаратура бар.

Сондай-ақ, "Прогресс МС-14 " кемесі 650 килограмм жанармай, 46 килограмм ауа мен оттегі, ауыз су тасымалдады.

Қазір ХҒС-қа ресейліктер Анатолий Иванишин мен Иван Вагнер, сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағында коронавирусқа байланысты ұзақ уақыт карантинде отырған америкалық Кристофер Кэссиди ұшып жатыр.
Следующая →