Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-дағы орман өртінің ауданы 2500 гектар

Бұл тек шамамен болжанған мәліметтер, құтқарушылар өрт ошағын сөндіру үшін қолдан келген шараларды атқаруда

Өрт сөндірушілер 23 сәуір күні "Семей орманы" аумағында шыққан өртті тәулік бойы сөндіріп жатыр. Тілсіз жаудың жайылуы тоқтатылды, енді ішкі ошақтарды сөндіру керек.

- Өртті сөндіру кешкі және таңертеңгі уақыттарда жақсы жүзеге асырылуда. Ол кезде сыртқы ауа температурасы сәл төмендейді, - дейді ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің басшысы Ғафур Ақаев. – Сондықтан жұмыстар күндіз де, түнде де тоқтатылмайды.

Жалынның тез таралуына қатты жел себеп болған. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына абайсыздық себеп болуы мүмкін.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, өртті сөндіру жұмыстарына "Семей орманы", "Ертіс орманы" және ШҚО ТЖД, Ақмола облысының ТЖД, ұлттық гвардиясының 400-ден астам қызметкері, сонымен қатар ШҚО авиациялық бөлімшелерінің ұшақтары мен ҚР ІІМ ТЖК Қазәуеқұтқару Ми-26 ұшағы жұмылдырылған.
Следующая →