Жапониядағы аукционда тунец 2 млн долларға сатылып кетті
Өткен жылы аукциондардың бірінде балық үш млн долларға сатылып кеткен. Бұл - қазіргі таңдағы рекорд
Цукидзи нарығындағы танымал аукцион өте беделді саналады және биыл Токиода өткен, деп жазады МИР24 сайты.
1,8 млн долларға бағаланған көгілдір тунец 276 келі тартты. Оны суши мейрамханалары жүйесінің иесі сатып алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты лотты сатып алу – үлкен жетістік. Тұтынушылар ең қымбат балғын балықтың дәмін тату үшін кезекке тұруға әзір.