Бельгияда бұзақылар Жаңа жылды жақсы қарсы алды
Полиция өткен жаңа жыл түні Брюссельде мерекені қызу тойлатқан 180-ге жуық әкімшілік ұстау мен 27 адамды тұтқындады
Бельгияның астанасында бұзақылар 20-ға жуық автокөлік пен бір мотороллерді өртеді, тағы бірнеше ондаған автокөлік зақымдап, трамвайды қиратып, терезелерді сындырып, автобус аялдамасының павильонын бұзып, метро вагондарын граффитимен жазған. Бір адам ауыр пышақ жарақатын алып, қиын жағдайда ауруханада жатыр.
Автокөліктер өрттерінен басқа, өрт сөндірушілер үйлердегі 9 өртті сөндіру үшін және 80-ге жуық қоқыс жәшіктерін өртін сөндіруге қаланың әртүрлі аудандарына шыққан.
Фейерверкті іске қосудан зардап шеккен 23 адамға көмек көрсетуге тура келді. Оның 10-нына жедел жәрдем шақыртылды.
Атыс Шарлеруа қаласында түнгі уақытта орын алды. Екі адам жараланып, ауруханаға жеткізілді.
Льежеде вандалдар полиция қызметкерлеріне машақат әкелді. 60-қа жуық спирттік ішімдікке тойып алған адамдар қаланың бірнеше көшелерінде шу шығарған. Олар полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру автокөліктеріне тастар мен петардалар лақтырған, автобус аялдамасының жабынын қиратты және кітап дүкенінің қасбетін бұзған. Бірнеше автокөлік қатты қирап, олардың екеуі өртелді. Сондай-ақ өз жолында бұзақылар ққыс жәшіктерін өртеген.
Қырық полицейлерге бұзақыларды тәртіпке келтіруге тура келді.
Полиция бұл әзірше Бельгиядағы жаңа жылдық түннің соңғы қорытындысы емес екенін нақтылайды.