Өскеменде "барлық адамды жарамын" деп қауіп төндірген тәртіп бұзушы ұсталды
1 қаңтар күні кешке қала тұрғындары Тәуелсіздік даңғылы бойындағы "Металлург" сауда үйінің маңында полиция наряды мен қоршауды байқаған
Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары хабарлағандай, сауда үйінің жанында болған ер адам өзінде граната бар екенін айтқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен қаласы полиция басқармасының басшысы Даур Ибраевтың ақпараты бойынша, тәртіп бұзушыны полиция қызметкерлері оқиға орнында ұстады.
- Одан пышаққа ұқсас зат алынды. Басқа заттар табылған жоқ, - деп нақтылады Өскемен қаласы полиция басқармасының басшысы Дәур Ибраев.
Бұзақы ішімдікке сылқия тойып алып, өзінше "ерлік" жасамақ болған.
Тәртіп сақшылары бұзақыны қандай жаза күтіп тұрғандығын әзірге айтпады.
Следующая →